Аймақ

Діни экстремизм мен терроризмнен сақтану жолдары: Түркістанда дәрігерлермен кездесу өтті

19:00, 28 тамыз 2025 41

Түркістанда діни экстремизм мен терроризмнің Қазақстанға келуі және олардан сақтану жолдары туралы кездесу өтті, - деп хабарлайды bairaqmedia.kz

«Діни экстремизм мен терроризмнің Қазақстанға келуі және олардан сақтану жолдары» тақырыбындағы кездесу Қожа Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінің клиникалық-диагностикалық орталығы қызметкерлерінің арасында өтті.

Іс-шараға Түркістан қаласы әкімдігі Ішкі саясат бөлімінің дін сұрақтары бойынша сектор меңгерушісі және Дін мәселелерін зерттеу орталығының теолог маманы қатысты.

Теолог маман жат ағымдардың елімізде таралу жолдары мен қазіргі таңда әлеуметтік желілер арқылы жүргізіп жатқан деструктивті діни ағымдардың уағыз-насихаттарының кең тарағанын айтты.


Рұқсат етілмеген теріс бағыттағы діни ақпаратты алу және таратудың заңдық тәртібі мен жауапкершілігі түсіндірілді.
Кез-келген дін саласындағы туындаған сұрақтардың жауабын өз маман иелерінен алу керектігі түсіндірілді. Интернеттегі бет-жүзі таныс емес, өзге тілдегі уағызшылардан сақтану жолдары айтылды. Кездесу соңында сұрақтар қойылып, дінтанушы маман тарапынан толыққанды жауаптар берілді.

Біздің Telegram арнамызға жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp-қа жазыңыз.

Тағы да оқыңыз