Аймақ

Демалыс күндері елімізде ауа райы қандай болады

16:25, 19 қыркүйек 2025 12

Синоптиктер 20-22 қыркүйекте ел аумағында ауа райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды bairaqmedia.kz.

Метеорологтардың мәліметінше, алдағы үш тәулікте Қазақстанның басым бөлігінде күн райын атмосфералық фронттар айқындайды.

Осыған байланысты жекелеген өңірлерде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, жел күшейеді, бұршақ пен дауыл соғуы ықтимал.

20 қыркүйекке қараған түні еліміздің оңтүстік-шығысындағы таулы аймақтарда жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі.

Республиканың бірқатар өңірінде түнгі және таңғы сағаттарда тұман түсуі ықтимал.

Ал температурада айтарлықтай өзгерістер мен ауытқулары күтілмейді, дегенмен республиканың солтүстік жартысында түнгі уақытта 1-3 градусқа дейін үсік жүруі мүмкін.

Біздің Telegram арнамызға жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp-қа жазыңыз.

Тағы да оқыңыз