Саясат

Бүгін Мемлекет басшысы халқыққа жолдауын жариялайды

10:00, 08 қыркүйек 2025 54

Бүгін сағат 11:00-де Астанада парламент палаталарының бірлескен отырысы өтеді, деп хабарлайды bairaqmedia.kz.

Жиында Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауын жариялайды.

Биылғы жолдауда президент Ішкі тұтыну нарығын дамытуға және жоғары қосылған құны бар өнім өндіруді ынталандыруға басымдық береді деп күтіліп отыр.

Мемлекет басшысының сөйлеген сөзін республикалық телеарналар, сондай-ақ Ақорданың әлеуметтік желілердегі ресми парақшалары тікелей эфирде көрсетеді.

Біздің Telegram арнамызға жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp-қа жазыңыз.

Тағы да оқыңыз