Аймақ

Бүгін ауа райы қандай болады

10:45, 25 қазан 2025 24

25 қазан, сенбі күні Қазақстанның 15 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды «Қазгидромет».

Қызылорда облысында төтенше өрт қаупі сақталады, ал солтүстігінде, орталығында және Қызылорда қаласында өрт қаупі жоғары.

Қарағанды облысының батысында өрт қаупі жоғары болады.

Атырау облысының солтүстігінде түнде және таңертең тұман түседі. Облыстың оңтүстігі мен шығысында төтенше өрт қаупі сақталады, солтүстік-шығысы мен оңтүстік-шығысында өрт қаупі жоғары болады. Атырау қаласында да төтенше өрт қаупі болжанып отыр.

Ұлытау облысында өрт қаупі жоғары, ал оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Жезқазғанда өрт қаупі жоғары деңгейде.

Түркістан облысының таулы асуларында оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 15–20 м/с жетеді.

Ақтөбе облысының оңтүстігі мен шығысында өрт қаупі жоғары, ал батысы, солтүстік-шығысы және орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.

Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде тұман түседі. Орал қаласында да түнде және таңертең тұман болады.

Абай облысының оңтүстігі мен орталығында оңтүстік-шығыстан және шығыстан соққан желдің екпіні 15–20 м/с-ке дейін күшейеді. Өңірдің оңтүстігінде өрт қаупі жоғары.

Шығыс Қазақстан облысында оңтүстік-шығыстан және шығыстан соғатын желдің екпіні 15–20 м/с дейін күшейеді.

Ақмола облысының батысында, солтүстігінде және шығысында тұман түседі. Облыстың оңтүстік-батысында өрт қаупі жоғары болады.

Павлодар облысының солтүстігі мен шығысында тұман түседі.

Қостанай облысының солтүстігі мен шығысында түнде көктайғақ, ал түнде және таңертең батысында, солтүстігінде және шығысында тұман түседі. Күндіз оңтүстігі мен шығысында желдің жылдамдығы 15–20 м/с дейін күшейеді. Облыстың оңтүстігінде төтенше, ал оңтүстік-батысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Жамбыл облысында түнде және күндіз жел бағытын солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа өзгертеді, кей жерлерде (оңтүстік-батысы, солтүстік-шығысы және таулы аудандарда) жылдамдығы 15–20 м/с дейін жетеді. Өңірдің батысы мен солтүстігінде төтенше, ал орталығы мен оңтүстігінде өрт қаупі жоғары. Тараз қаласында да өрт қаупі жоғары.

Маңғыстау облысының оңтүстік-батысында түнде және таңертең тұман түседі. Облыс аумағында және Ақтау қаласында өрт қаупі жоғары.

Солтүстік Қазақстан облысында түнде және күндіз кей аймақтарда көктайғақ күтіледі. Сондай-ақ батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде тұман болады. Петропавлда түнде көктайғақ, тұман түседі.

Біздің Telegram арнамызға жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp-қа жазыңыз.

Тағы да оқыңыз