Қоғам

«Бөлшектеймін»: Еркебұлан Тоқтар қазақ қыздарын қорлаған стримерлерге ескерту жасады

10:41, 09 ақпан 2026 174

Танымал актер және жекпе-жек шебері Еркебұлан Тоқтар әлеуметтік желіде қазақ қыздарына қатысты жағымсыз пікір білдірген ресейлік стримерлерге қатаң ескерту жасады, деп хабарлайды bairaqmedia.kz.

Ол мұндай әрекеттердің жазасыз қалмайтынын және қазақ қыздарының намысы бәрінен биік екенін қатаң ескертті.

Менің елімде, менің жерімде мұндай қайталанса, сендерді қолмен бөлшектеп үйлеріңе жіберемін, – деді Еркебұлан Тоқтар.

Айта кетейік, Алматыда белгілі ресейлік стримерлер Анар Абдуллаев және Ренатко қазақстандық қыздарға қатысты стрим кезінде бейәдеп сөздер айтқаны үшін ұсталған болатын. Олар 15 тәулікке қамалған.

"Равшан есімді стример де бұл жайтты растады. Ол стрим кезінде аталған блогерлермен бірге болған.

Біз де, жігіттер де ісімізбен немесе сөзімізбен негатив айтқымыз келмеген. Жігіттердің айтқан сөзі біреуді ренжіткен болса, кешірім сұраймыз, - деді Равшан.

 

Біздің Telegram арнамызға жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp-қа жазыңыз.

Тағы да оқыңыз