$ 453.93
€ 508.72
₽ 5.35

Бір қыз зардап шекті: Қайрат Нұртастың концертінен кейін қылмыстық іс қозғалды

Редактор
11.10.2026, 11:15
Полиция кз
Полиция кз
Шымкентте Қайрат Нұртастың концертінен кейін қылмыстық іс тіркелді

Шымкентте әнші Қайрат Нұртастың концерті кезінде қауіпсіздік талаптарының сақталмауына байланысты қылмыстық іс тіркелді. Бұл туралы Шымкент қалалық полиция департаменті мәлімдеді, деп хабарлады Bairaqmedia.kz.

«Концерт кезінде қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін қызмет көрсету фактісі бойынша қылмыстық іс тіркелді.

Адамдардың көп жиналуына байланысты келушілердің бірі зардап шекті. Қыз медициналық мекемеде дәрігерлердің бақылауында.

Іс-шараны ұйымдастырушылар полицияға жеткізілді. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру аясында оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда.

Ұйымдастырушылардың әрекеттеріне құқықтық баға беріледі. Тергеу нәтижесі бойынша тиісті процестік шешім қабылданады», – делінген Шымкент қалалық полиция департаментінің хабарламасында.

Соңғы жаңалықтар

Барлығын қарау