$ 461.37
 542.16
 6.14

«Балалар Ақбаянды сағынды»: Атырауда елді дүрліктірген оқиғаға қатысты тың дерек шықты

Редактор
23.04.2026, 11:01
Фото: ІІМ
Фото: ІІМ
Бауырының болашағына алаңдаулы ағайын-туыс соттың ашық өтуін талап етпек. 

Атырауда тұтас отбасының өліміне қатысты жаңа деректер айтылды. Облыстық прокуратураның өкілі істің маңызды мән-жайларын баяндады, деп хабарлайды bairaqmedia.kz "Астана" телеарнасына сілтеме жасап.

Атырау облысы прокурорының көмекшісі Жандар Болатбектің айтуынша, тергеу барысында күдіктіге қатысты бірқатар жайттың басы ашылған.

"Тергеу барысында күдіктінің Қарабалиндер отбасын аса айуандықпен жайратып салғаны белгілі болған. Сараптамада марқұмдардың әрқайсысының денесінде бірнеше жерден  кесілген және тесілген жарақаттар анықталыпты", - дейді телеарна тілшісі.

Өлімге де сол аяусыз пышақ соққысы себеп болғаны белгілі болған.

"Барлық жәбірленушінің денесінде тергеу барысында анықталған ас үй пышағымен кесілген және тесілген дене жарақаттары анықталды. Яғни алты және одан да көп. Кеуде тұсында, барлық жерінде бар, мойнында бар, ішінде бар", - дейді Жандар Болатбек.

Телеарна дерегінше, марқұмдардың қызына Атырауда жүргізілген сот психологиялық, психиатриялық сарапатамасы арқылы денсаулығына нақты қорытынды беру мүмкін болмаған. Сондықтан Алматы қаласында қайта жүргізуге шешім қабылданыпты.

Ал бауырының болашағына алаңдаулы ағайын-туыс соттың ашық өтуін талап етпек. Олар әзірге әйелдің балаларына барып, көңілін аулап жүр.

"Баласы кішкене тұйықтау, үндемей шығады. Үлкен қызы мен үшінші қызы күліп шығады.  Құшақтап, кетіп бара жатқанда да құшақтап, қимастықпен кетеді. Барғанда өзім жылап шығамын. Себебі анасын қатты сағынады. 3 бала мына жақта, екі бала ана жақта. Ашық сот болғанын қалаймыз. Біз де білгіміз келеді не істеген, не қойғанын - бәрін", - дейді марқұмдардың туысы Әсиля Мұқанғалиева.

Күдіктіге де сот-психиатриялық сараптама жүргізілген. Мамандар оның ақыл-есінің дұрыстығы, өз іс-әрекетіне жауап бере алатын айтады. Тергеу кезінде Наурызды мамыр, ал қалған отбасы мүшелерін қараша айында өлтіргені анықталған.

"Сыртқы күштердің ешқандай ықпалы жоқ. Барлық жайт күдікті мен жәбірленушілер жеке қалған уақытта жеке дара орын алған.  Сыртқы күштердің әсері, басқа тұлғалардың қатысы бұл жерде анықталған жоқ", - дейді Жандар Болатбек.

Айта кетейік, күдіктіге қатысты ҚР екі және одан да көп адамның өлімі, одан өзге, жәбірленушілердің жеке мал-мүлкін жымқыру дерегі бойынша қылмыстық іс тергеліп жатыр. Қылмыстық іс сотқа мамыр айында жіберілуі мүмкін.