$ 469.59
 536.22
 5.96

Бақытжан Байжанов бостандыққа шығады

Редактор
22.07.2026, 14:37
Фото: Ашық дереккөзден
Фото: Ашық дереккөзден
Ол бүгін отбасымен қауышыуы мүмкін.

Қуандық Бишімбаевтың немере ағасы Бақытжан Байжанов 22 шілде, сәрсенбі күні бостандыққа шығуға дайындалып жатыр, деп хабарлады Вairaqmedia.kz.

Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне сотталған азаматтың адвокаты Ғазиз Ынтықбаев мәлімдеген.

Бұқаралық ақпарат құралдарында Байжановтың бүгін-ақ түзеу мекемесінен босатылуы мүмкін екені туралы ақпарат тараған. Адвокаттың айтуынша, 22 шілдеде өткен сот отырысында Бақытжан Байжановқа қатысты рақымшылық жасау туралы акт қолданылған.

«Сот оны дереу босату туралы шешім қабылдады. Жазасының өтелмеген бөлігі үш айдан сәл ғана асатын. Бүгін Бақытжан өз отбасына оралады», – деді Ғазиз Ынтықбаев.

Айта кетейік, Бақытжан Байжанов жазасын Ақмола облысының Степногорск қаласындағы орташа қауіпсіздік деңгейіндегі түзеу мекемесінде өтеп жатқан еді.