Танымал айтыскер ақын, марқұм Оразалы Досбосынов пен әнші Ажар Түзелбекқызының ұлы Нұрсұлтан әке атанды, деп жазады sportinside.kz.
Оразалы Досбосыновтың есімімен ашылған Instagram желісіндегі парақшасында тараған ақпаратқа сәйкес айтыскер ақынның ұлы әке атанды.
"Ораз ағамыздың немересінің бауы берік болсын, үлкен азамат болсын!", – делінген осы парақша жариялаған жазбада.
Желі қолданушылары сәбидің өмірге келуін қуанышпен қарсы алып, ақжарма тілектерін жаудырды:
"Туманың бауы берік, ғұмырлы болсын! Атасындай орақ тілді ақын болсын!", "Бауы берік болсын! Атасы сияқты алпауыт ақын болсын", "Адам ұрпағымен мың жасайды. Атасының атын шығаратын мықты азамат болсын!", "Атасы мен апасы көрмей кетті, әттең бір кем дүние...", "Құтты болсын, артынан құдайға шүкір, ізі қалатын болды жалғасып, бауы берік болсын, атасы сияқты айтыскер болғай", "Оразалының балалары да өскен екен. Қуаныштымыз. Өмірлі, бақытты болсын. Елге елеулі, халыққа қалаулы азамат болсын!",- деп жазып жатыр желі қолданушылары.