$ 453.93
€ 508.72
₽ 5.35

Астанада үш бала қайтыс болған өрттің шығу себебі айтылды

Редактор
10.10.2026, 14:44
Видеодан скрин
Видеодан скрин
Тілсіз жаудан үш бала көз жұмды

Астанадағы «Көркем-3» тұрғын үй кешенінде үш баланың өмірін қиған өртке қатысты қылмыстық іс тоқтатылды. Төтенше жағдайлар министрлігі Өртке қарсы қызмет комитеті төрағасының орынбасары Руслан Қайрақбаевтың айтуынша, тұтануға балалардың абайсыз ойыны себеп болған, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.

Оның мәліметінше, өрт пәтердің ішінде шыққан. Қылмыстық іс құқық бұзушылық құрамының болмауына байланысты тоқтатылған.

Өрт 12 сәуірге қараған түні Астанадағы тұрғын үй кешенінің 15-қабатында болған. Тілсіз жаудан үш бала көз жұмған.  Олардың анасы құтқарылып, денесін күйік шалған күйі ауруханаға жеткізілген.

Соңғы жаңалықтар

Барлығын қарау