$ 473.13
 554.08
 6.13

Астанада тұрғын үйден өрт шығып, үш бала қаза тапты

Редактор
12.04.2026, 08:12
Фото: istockphoto
Фото: istockphoto
Қазіргі уақытта өрттің шығу себептері анықталуда.

Бүгін түнде Астана қаласының Есіл ауданындағы Түркістан көшесінде орналасқан 21 қабатты тұрғын үйдің 15-қабатындағы пәтерде өрт шықты, деп хабарлайды bairaqmedia.kz ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оқиға туралы хабар түскеннен кейін ТЖМ күштері жедел түрде оқиға орнына жетті. Алғашқы бөлімшелер келген кезде пәтерде ашық жалын болғаны анықталды.

Өртті сөндіру барысында құтқарушылар күйік алған әйелді алып шығып, жедел жәрдем қызметіне тапсырды. Ол №1 көпсалалы қалалық ауруханаға жеткізілді. Сондай-ақ оқиға орнынан үш кәмелетке толмаған баланың мәйіті табылды.

ТЖМ қызметкерлері жоғарғы қабаттардан 20 адамды эвакуациялады. Тағы 40-қа жуық тұрғын ғимараттан өз бетінше шыққан. Өрт толық сөндірілді.

Қазіргі уақытта өрттің шығу себептері анықталуда.

Әкімдік мәліметінше, зардап шеккен әйелге және қаза болғандардың отбасына қажетті жан-жақты көмек көрсетіледі. Жағдай бақылауда.