Астанадағы «Қазанат» ипподромының аумағында 24 шілдеде алғаш рет аэротаксидің демонстрациялық ұшуы өтеді, деп хабарлады Вairaqmedia.kz.
Қала аспанына тік көтеріліп, тік қона алатын электрлі әуе көлігі — eVTOL ұшырылады. Демонстрациялық ұшу үшін бір ұшқыш пен бес жолаушыға арналған AutoFlight Prosperity моделі таңдалған. Ол сағатына 200 шақырымға дейін жылдамдықпен ұшып, 200 шақырымға дейінгі қашықтықты еңсере алады.
Сынақ 24 шілде күні сағат 09:00–де «Қазанат» ипподромының аумағында өтеді деп жоспарланған. Алайда ұйымдастырушылар ауа райы қолайсыз болған жағдайда ұшу күні мен уақыты өзгеруі мүмкін екенін ескертті.