ҚМА Ақтөбе облысы бойынша департаменті «Harmony Rider Technology» қаржы пирамидасының қызметін тоқтатты, деп хабарлайды bairaqmedia.kz
Өздерін АҚШ-та тіркелген және электр самокаттарын өндіретін ірі компания ретінде таныстырып, күдіктілер азаматтарға жоғары табыс уәде еткен.
Алайда, іс жүзінде электр самокаттарын сатумен айналыспаған. Салымшыларға төлемдер тек жаңа қатысушылардың есебінен жасалған. Салымшыларға салым сомасына байланысты күніне 12-ден 690 долларға дейін төлемдер ұсынылған. Жаңа қатысушыларды тартқаны үшін қосымша бонус уәде еткен.
Тергеу кезінде күдіктілер салымшылардың ақшасын OKX крипто әмиянына аударып, одан кейін фиаттық ақшаға айырбастап, банк шоттарына шығарғаны анықталды. Заңсыз кірістер есебінен Ақтөбе қаласында 2 пәтер мен 3 автокөлік сатып алынып, жасыру мақсатында жақын туыстарына рәсімделген, - деді ҚМА баспасөз қызметі.