Аймақ

Ақмола облысында суға батқан ер адам құтқарылды

12:38, 10 мамыр 2025 65

Ақмола облысында суға бата жаздаған ер адам құтқарылды, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.

ТЖМ ақпаратына сәйкес, бүгін Бурабай ауданында Үлкен Шабақты көлінің су айдынын патрульдеу кезінде құтқарушылар 1962 жылы туған ер адамды құтқарып, жағаға жеткізген.

Белгілі болғандай, ол өз күшін есепке алмай, жағадан алыс жүзіп, қайта орала алмай қалған. Оған медициналық көмек қажет болған жоқ.

Біздің Telegram арнамызға жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp-қа жазыңыз.

Тағы да оқыңыз