Алматыда көпқабатты үйдің үшінші қабатынан секіріп кеткен сарбаздың жағдайы туралы жаңа мәлімет белгілі болды.
Алматы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, 2007 жылы туған сарбаз қазір қалалық көпсалалы жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасында ем қабылдап жатыр.
Жағдайы — орташа ауыр.
— Науқас бейінді бөлімшеге жатқызылды. Оған аурухана психологі кеңес беріп, психоэмоциялық қолдау толығымен көрсетіліп жатыр. Негізгі ауруы бойынша ем ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің хаттамасына сай жүргізіліп жатыр, — делінген басқарма таратқан ақпаратта.