Алматы облысы Іле ауданындағы ауылдардың бірінің тұрғындары жер сілкінісін сезді, деп хабарлайды bairaqmedia.kz.
ҚР ТЖМ «Сейсмологиялық зерттеулер мен ақпарат ұлттық ғылыми орталығы» ЖШС-нің сейсмикалық станциялар желісі 8 сәуір күні Астана уақытымен 22:55-те жер сілкінісін тіркеді.
Жер сілкінісінің ошағы Қазақстан аумағында, Алматы қаласынан солтүстік-батысқа қарай 117 шақырым жерде орналасқан.
Сезілуі бойынша: Алматы облысы, Құрты ауылы – 2 балл.
Зардап шеккендер мен қираулар туралы ақпарат түскен жоқ.