Аймақ

Алматы облысында зейнетақы жинақтарын шешіп беремін деп жұртты сан соқтырған әйел ұсталды

10:56, 11 маусым 2025 68

Алматы облысының полицейлері Еңбекшіқазақ ауданының  тұрғындарын алдап соққан алаяқты ұстады, деп хабарлайды bairaqmedia.kz

Аудандық полиция бөліміне бірнеше ауыл тұрғынынан шағым түскен. Жәбірленушілердің айтуынша, 35 жастағы әйел сенімге кіріп, зейнетақы жинақтарын қолма-қол ақшаға айналдырып беремін деген сылтаумен олардың ірі көлемдегі қаражатын иемденіп кеткен. Қазіргі таңда келтірілген жалпы шығын көлемі 1,5 миллион теңгеден асады.

Қазір 40-тан астам алаяқтық дерегі анықталды. Жедел-іздестіру іс-шаралары нәтижесінде Алматы қаласының тұрғыны ұсталды. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде, – деп хабарлады Алматы облысы ПД баспасөз қызметі.

Қазір күдіктінің басқа да осындай қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілуде.

Облыстық полиция басқармасы азаматтарды зейнетақы жинақтарын шешіп беру, несие рәсімдеп беру немесе салымдарды қайтарып беремін деп уәде беретін бейтаныс адамдарға сенбеуге шақырады. Зейнетақы жинақтарына қатысты барлық мәселелер тек ресми мемлекеттік қызметтер арқылы реттеледі.

Біздің Telegram арнамызға жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp-қа жазыңыз.

Тағы да оқыңыз