Аймақ

Алматы облысында жүк пойызы мен жеңіл көлік соқтығысты

19:22, 15 маусым 2025 15

Алматы облысында, Жіңішкесу – Шелек бағытындағы теміржол өткелінде Toyota Land Cruiserавтокөлігі мен жүк пойызы соқтығысты, деп хабарлайды bairaqmedia.kz

Бұл туралы «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі мәлімдеді.

Оқиға бүгін сағат 9:19-да Жіңішкесу – Шелек аралығының, Жетіген-Алтынкөл учаскесінің теміржол өткелінде болған.

Апаттан қаза тапқандар жоқ. Жүргізушінің қолы жарақаттанып, медициналық көмек көрсетілгені хабарланады.

Апат салдарынан пойыз межелі жеріне 30 минутқа кешігіп келген. Баспасөз қызметі ҚТЖ қызметкерлерінің жедел әрекет еткенін, салдарынан пойыздың қатты кешікпей жеткенін мәлімдеді.

Осы орайда «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға, теміржол өткелдерінен өткен кезде аса мұқият болуға шақырды.

 

Біздің Telegram арнамызға жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp-қа жазыңыз.

Тағы да оқыңыз