$ 464.86
 544.03
 6.14

Ақтөбеде әскери қызметкер жасөспірімді зорлаған

Редактор
11.03.2026, 14:08
Фото: istockphoto
Фото: istockphoto
Ақтөбе 

Ақтөбеде 15 жастағы қызды зорлаған әскери қызметкерге сот үкімі шықты, деп хабарлайды bairaqmedia.kz Ақтөбе әскери сотына сілтеме жасап.

Әскери қызметкерге қатысты Қылмыстық кодекстің 120-бабы "Зорлау" бойынша айып тағылды. Тергеуді Батыс өңірлік әскери-тергеу басқармасы Ақтөбе бөлімінің қызметкерлері жүргізді.

Сот отырысы жабық режимде өтті.

"Ер адам жасөспірімнің дәрменсіз жағдайын пайдаланып, жыныстық қатынасқа түскен. Ол кінәлі деп танылды", – деп хабарлады әскери соттың баспасөз қызметі.

Сот үкімімен сотталушы 15 жыл 6 айға бас бостандығынан және әскери шенінен айырылды.