$ 462.87
 540.72
 6.16

Ақтөбе облысында 6-сынып оқушысы суицид жасады

Редактор
24.04.2026, 10:24
Фото: видеодан скриншот
Фото: видеодан скриншот
Бала толық отбасында тәрбиеленген, төрт ұлдың екіншісі.

Ақтөбе облысында алтыншы сынып оқушысының денесі табылды. Бала Кеңқияқ ауылында тұрады. Ол үйінен мектепке барамын деп шығып кеткен, алайда сабаққа бармаған, деп хабарлайды bairaqmedia.kz KTK телеарнасына сілтеме жасап.

Телеарнаның мәліметінше, бала мектепке келмеген соң, ең алдымен оны мұғалімдері іздеуге шығады. Кейін оларға ата-анасы мен ауыл тұрғындары қосылған. Барлығы айналаны түгел қарап шыққан. Кешкі уақытта баланың денесі өз үйінің ауласындағы сарайдан табылды.

Алдын ала мәлімет бойынша, жасөспірім өзіне қол салған. Бүгін баланы жерледі. Тәртіп сақшылары қылмыстық іс қозғады. Мектепте ішкі тексеріс басталды. Бала толық отбасында тәрбиеленген, төрт ұлдың екіншісі.

Ауыл тұрғындары буллинг болғанын жоққа шығарады. Соған қарамастан, білім ордасында оқушылардың психологиялқ жағдайына бақылау күшейтілді.

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тиісті органдар тарапынан жан-жақты тексеру жүргізілуде, оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр. Білім беру ұйымы тарапынан ішкі қызмет тексерісі басталды. Оқушы  толық отбасынан, 6-сыныпта оқыған. Қазір бала құқықтарын қорғау басқармасы, бала құқықтары жөніндегі уәкіл, мектеп әкімшілігі мен педагогтар ұжымы оқушылардың қауіпсіздігі мен психологиялық жағдайына қосымша назар аударып, қажет болған жағдайда қолдау шарасын күшейтіп жатыр, дейді Темір ауданы білім бөлімінің басшысы Болатбек Иманғалиев.