$ 473.13
 554.08
 6.13

Ақмола облысында 5 жасар бала алтыншы қабаттан құлап, көз жұмды

Редактор
14.04.2026, 12:24
Фото: baq.kz
Фото: baq.kz
Аталған факті бойынша полиция қызметкерлері сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстарын бастады.

Ақмола облысының Степногорск қаласында 5 жастағы бала алтыншы қабаттағы терезеден құлап, ауруханада көз жұмды. Полиция оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр, деп хабарлайды bairaqmedia.kz.

Ауыр жарақат алған бүлдіршін жедел түрде жергілікті ауруханаға жеткізілген. Дәрігерлер барлық қажетті реанимациялық шараларды жүргізгенімен, баланың өмірін сақтап қалу мүмкін болмады.

Аталған факті бойынша полиция қызметкерлері сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстарын бастады. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы мен себептері анықталуда. Тексеру нәтижесі бойынша процессуалдық шешім қабылданады.

Полицияның мәліметінше, жыл басынан бері Ақмола облысында балалардың терезеден құлауына қатысты бес жағдай тіркелген. Оның біреуі осындай қайғылы жағдаймен аяқталған.