Қылмыстық іс Алматы облысы Талғар қаласында тіркелсе де, сот процесі Жетісу облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының ғимаратында қаралып жатыр деп хабарлайды bairaqmedia.kz
Алдын-ала сот тыңдалымы сағат 12:00-ге белгіленген.
Сот ғимаратының маңайында қазір адам көп. Тіпті, өрт сөндіру көлігіне дейін әкелінген. Жедел жәрдем қызметкерлері де жүр. Полицейлердің қарасы тіптен көп.
Еске сала кетсек, кәмелетке толмаған баланы өлтіру фактісі бойынша өткен жылдың 4 қазанына қараған түні болған қылмысты тергеу аяқталғанын хабарлаған болатынбыз.
Сондай-ақ, Шерзат Полаттың әкесі күдіктілердің үстінен жаңа арыз түсіретіні жөнінде хабарланды.