Сәтбаевта бір топ жасөспірімді көлік қағып кетті

Редактор
27.05.2025, 01:32
Сәтбаевта бір топ жасөспірімді көлік қағып кетті
Жүргізуші қамауға алынды

Сәтбаевта бір топ жасөспірімді көлік қағып кетті, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.

Ақпаратқа сәйкес, көлік жүргізушісі жол жиегінде тұрған бір топ баланы қағып кеткен. Салдарынан кәмелетке толмаған екі жасөспірім зардап шеккен.

Балаларға жедел медициналық көмек көрсетілді, қазір олардың денсаулығына ешқандай қауіп жоқ, – делінген хабарламада.

Белгілі болғандай, көлік жүргізушісі мас күйде болған. Ол қамауға алынды.

Еске сала кетсек, бұған дейін Сәтбаевта бойжеткенді зорламақ болған ер адам ұсталғанын хабарлаған болатынбыз.