Кәрім Мәсімовтың 1,6 млрд теңгеге бағаланған үйі әкімдік меншігіне берілді

11:10, 29 апреля 2025 126

🔊

Бұрынғы премьер-министр Кәрім Мәсімовтің зәулім үйі Астана қаласы әкімдігінің меншігіне өтеді, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.
 
Қайтарылған активтерді басқару компаниясының мәліметінше, тұрғын үй әлеуметтік қажеттіліктер үшін пайдаланылады. 

«Нысанның бастапқы бағасы 1 685 115 000 теңге болды. Алайда басқарушы компанияның атына Астана қаласы әкімдігінен жылжымайтын мүлікті қаланың әлеуметтік қажеттілігін қанағаттандыру мақсатында беру туралы ресми сұраныс келіп түсті», – делінген  хабарламада.



📍

Зәулім үй Астанадағы Қараөткел шағын ауданында орналасқан.

Подпиcывайтесь на наш Telegram и читайте последние новости! Если есть, что сообщить, пишите нам WhatsApp.

Читайте также