Хасан екі айға қамауға алынды
editor2
20
Талғардағы «Хуторские» атты қылмыстық топтың жетекшісі болуы мүмкін деген күдікті Хасан Қасымбаев екі айға қамауға алынды, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.
Алматы облысының полиция департаментінің мәліметінше, 4 қарашада Алматы облысы Қонаев қаласының мамандандырылған тергеу соты Хасан Қасымбаевқа бұлтартпау шарасын таңдау туралы өтінішті қарады. Сот қаулысымен Хасан Қасымбаев екі айға қамауға алынды.
Іс материалдары бұлтартпау шарасын қолдану үшін сотқа жіберілді. Тергеу барысы облыстық полиция департаментінің бақылауында.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, кеше Алматы облысының полициясы Хасан Қасымбаевты ұстады. Осыған қатысты полиция қосымша деректермен бөліскен еді.