Бірақ ол 2021 жылғы әрекеті үшін күдікке ілінген


Талғардағы «Хуторлықтар» басшысы ретінде көп айтылған Хасан Қасымбаев ұсталды, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.

2024 жылғы 2 қарашада Қ. атты азамат адамның денсаулығына қасақана ауыр зиян келтірді және ұрлады деген күдікке ілініп, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Ол бұл әрекетті 2021 жылғы маусымда жасаған, деп жазылған Алматы облысы ПД хабарламасында.

Облыс полициясының мәлімдеуінше, қазір қылмысты жан-жақты, толық және объективті зерттеу үшін тергеу әрекеті кешенді жүргізіліп жатыр. Іс материалдары бұлтартпау шарасын санкциялау үшін сотқа жіберілген.

Айта кетейік, Талғар қаласында болған Шерзат Полаттың қазасынан кейін әлеуметтік желіде Хасан Қасымбаевтың «Хутор» қылмыстық тобының жетекшісі екені көп жазылған еді. Бірақ полиция ешқандай қылмыстық топ жоқ екенін мәлімдеді.