Чемпиондар лигасы: финалдан соң Парижде тәртіпсіздік орын алды

11:04, 01 июня 2025 45

УЕФА Чемпиондар лигасының финалдық матчы аяқталды. Матчта «ПСЖ» командасы қарсыласын 5:0 есебімен жеңіске жетті деп хабарлайды bairaqmedia.kz

Финалда «ПСЖ» мен «Интер» командалары кездесті. Ойын Мюнхен қаласындағы стадионда өтті.

12-минутта қорғаушы Ашраф Хакими Дезире Дуэнің пасынан кейін есеп ашты. 20-минутта Дуэ есепті екі есе ұлғайтты. 63-минутта Дезире Дуэ дубль жасап, «ПСЖ» басымдығын ірі есепке жеткізді. 73-минутта Хвича Кварацхелия француз командасының төртінші голын соқты. 86-минутта жартылай қорғаушы Сенни Маюлу соңғы нәтижені бекітіп, есепті 5:0-ге жеткізді.

Сөйтіп, «ПСЖ» алғаш рет Еуропаның басты клубтық трофейінде тарихи жеңіске жетті.

Финалдан кейін Парижде француз жанкүйерлері тәртіпсіздік ұйымдастырды. БАҚ ақпаратына сүйенсек, бүлік негізінен қаланың орталық бөлігінде орын алған.

Шамамен елуге жуық адам автобустың артқы терезесін сындырып, көлікке зақым келтірген.

Бұдан бөлек Елисей алаңында бір автокөлікке от қойылған. Алайда өрт сөндірушілер дер кезінде келіп, жалынды бақылауға алған.

Сонымен қатар, бірнеше адам аяқ киім дүкеніне басып кіргені хабарланса, Порт-де-Сен-Клу ауданында екі автокөлік өртеніп кеткен. Полиция тәртіпті қалпына келтіру үшін көзден жас ағызатын газ қолдануға мәжбүр болған.

Соңғы дерек бойынша, Парижде жалпы саны 294 адам ұсталған.

Подпиcывайтесь на наш Telegram и читайте последние новости! Если есть, что сообщить, пишите нам WhatsApp.

Читайте также