Атырау облысында жол апатынан 3 адам қаза тапты

Редактор
26.03.2025, 18:33
Атырау облысында жол апатынан 3 адам қаза тапты
Тағы 2 адам әртүрлі дене жарақатымен облыстық ауруханаға жеткізілді

 Атырау облысында жеңіл көлік пен автобус соқтығысып, салдарынан 3 адам қаза тапты, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.

Облыстық полиция дерартаментінің мәліметінше, жол-көлік оқиғасы бүгін таңертең болған.

Таңертеңгі сағат 07:30 шамасында Ақтөбе-Атырау-Ресей Федерациясының шекарасы бағытындағы тасжолының 575-шақырымы тұсында Toyota Coaster автобусы мен Lada Vesta автокөліктері соқтығысып қалған. Жол-көлік оқиғасының салдарынан оқиға орнында 3 адам қаза тапты. Ал, 2 адам әртүрлі дене жарақатымен облыстық ауруханаға жеткізілді, – делінген хабарламада.

Еске сала кетсек, бұған дейін Ақмола облысы Степногорск маңында жантүршігерлік жол апатынан төрт адам қаза тапқанын хабарлаған болатынбыз.