Елімізде атом электр станциясын салу жобасының жүзеге асырылуына байланысты радиациялық қауіпсіздік мәселесіне қоғамның назары арта түсті. Алайда радиациялық технологиялар атом энергетикасында ғана емес, медицинада, геологияда, ауыл шаруашылығында және ғылыми зерттеулерде де кеңінен қолданылады. Елімізде радиациялық қауіпсіздік қалай қамтамасыз етіледі және оны кім қадағалайды? Bairaqmedia.kz тілшісі бұл туралы Ядролық физика институтының Ядролық, радиациялық және экологиялық қауіпсіздік департаментінің директоры, физика-математика ғылымдарының кандидаты Мұрат Төлегеновпен әңгімелесті.