Аймақ

Заңсыз айып тағылған қандас сотта ақталып шықты

15:54, 28 сәуір 2025 398

Шымкентте қандас мәртебесін алған адамның құқығы қорғалды, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.

Шымкент қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты қандас мәртебесін алған азаматты еңбек қызметін рұқсатсыз жүзеге асырды деп әкімшілік жауапкершілікке тартқан болатын. Оған ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 517-бабының 5-бөлігі негіз болған.

Алайда қолданыстағы заңнамаға сәйкес, қандас мәртебесін алған тұлғаларға еңбек қызметін жүзеге асыру үшін жергілікті атқарушы органнан рұқсат алу талап етілмейді. Осыған байланысты Шымкент қаласы Тұран ауданының прокуроры сот қаулысына апелляциялық өтінішхат енгізді, – делінген прокуратура хабарламасында.

Шымкент қалалық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы прокурордың өтінішін қарап, бірінші сатыдағы сот қаулысының күшін жойды және істі тоқтатты.

Біздің Telegram арнамызға жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp-қа жазыңыз.

Тағы да оқыңыз