$ 465.74
 531.08
 5.92

Жамбыл облысында 8 жастағы қызды зорлаған педофил сотталды

Редактор
23.07.2026, 09:41
фото: Pixabay
фото: Pixabay
Оқиға Сарысу ауданында болған.

Жамбыл облысында сегіз жасар қызды зорлаған педофилге қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлады Вairaqmedia.kz ktk.kz сайтына сілтеме жасап. 

Азғындыққа барған ер адам енді қалған ғұмырын темір тордың ар жағында өткізеді.

Қыз балаға жасалған қастандыққа қатысты сот отырысы жабық форматта өтті. Екінші сынып оқушысының зорланғаны туралы алғаш оның анасы арыз түсірген. Жұрттың жағасын ұстатқан жағдай Сарысу ауданында болған. Ойын баласына өз туысы азғындық жасағанын сараптама қорытындысы дәлелдеді. Сот шешімімен қылмыскер өмір бойына бас бостандығынан айырылды. 

— ҚР ҚК 121-бабы 4-бөлігінің санкциясы тек өмір бойына бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көздейді. Сот үкімімен оған өмір бойына бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалды. Үкім заңды күшіне енген жоқ, – деп мәлімдеді Жамбыл облысы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралалық соты.