$ 470.28
 537.53
 5.99

Вьетнамда автобуста жеті адам тірідей жанып кетті

Редактор
22.07.2026, 09:00
Видеодан алынған скрин
Видеодан алынған скрин
 Автобус түнгі сапарларға арналған. 

Вьетнамның Донг Най қаласына жақын жерде жол жиегіндегі үйіндіге соғылған қалааралық автобус өртеніп кетті, деп хабарлады Вairaqmedia.kz.

Салдарынан жеті адам қаза тауып, тағы бесеуі жарақат алды.

ABC News басылымның мәліметінше, автобус жолдан шығып кетіп, жол жиегіндегі үйіндіге соғылған. Соқтығысқаннан кейін көлік біраз жерді жүріп өтіп, екінші үйіндіге соғылғаннан кейін ғана тоқтаған. Осыдан кейін автобус өртеніп, жалын салонды тез арада шарпыған. Өкінішке қарай, жеті адам оқиға орнында қаза тапты. Зардап шеккендер ауруханаға жеткізілді. Қазіргі уақытта апаттың нақты себептері анықталып жатыр.

Соңғы жаңалықтар

Барлығын қарау