Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бірнеше ауыс-түйіс жарлықтарына қол қойды, деп хабарлады Вairaqmedia.kz.
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі жариялады.
"Бейбіт Бәкірұлы Атамқұлов Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымынан босатылды", - делінген хабарламада.
Өзінің еңбек жолын 1985 жылы А. П. Завенягин атындағы Норильск тау-кен металлургия комбинатының Жез балқыту зауытында балқытушы мамандығынан бастады.
1986-1991 жылдар аралығында – Шымкент қорғасын зауытының балқытушысы, ауысым шебері, аға шебері, бас инженері, бөлім бастығының орынбасары.
1991-1995 жж. – ҚР Сыртқы экономикалық байланыстар министрлігінің жүйесінде қызмет атқарды; «Казметаллэкспорт» республикалық сыртқы экономикалық кәсіпорынның «Черметэкспорт» бас маманы, директоры; «Қазақстан Сауда» сыртқы сауда компаниясының бас директорының бірінші орынбасары.
1995-1996 жж. – «Қарағанды металлургиялық комбинаты» МАҚ бас директорының бірінші орынбасары (Теміртау қ.).
1996-2006 жж. – кәсіпкерлік қызметпен айналысты.
2006 -2007 жж. – РФ-ғы ҚР Елшілігінің Кеңесшісі, Кеңесші-уәкілі (Мәскеу қ.).
2007-2008 жж. – ИИР-да ҚР Елшілігінің Кеңесші-уәкілі (Тегеран қ.).
2008-2010 жж. – Майндағы Франкфурт қаласындағы ҚР Бас консулы (Германия).
2010-2012 жж. – Малайзия, қосымша Филиппин Республикасы, Индонезия Республикасы, Бруней-Даруссалам сұлтандығында ҚР Төтенше және Өкілетті Елшісі.
2012 ж. қарашадан бастап – ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Жауапты хатшысы.
2014 ж. тамыз - 2015 ж. тамыз – ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің Жауапты хатшысы.
2015 ж. тамыз - 2016 ж. қазан – Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі.
2016-2018 жылдары – ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі.
2018-2019 жылдары Қазақстар Республикасының Сыртқы істер министрі
2019-2022 жылдары Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі
2022 жылы 31 қазаннан бастап Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі.