Мемлекет басшысы Алматы облысына жұмыс сапары барысында өткен кеңесте Қазақстанды «Штрафстан» немесе «Айыппұлстан» деп атап жүргендерге жауап берді, деп хабарлайды bairaqmedia.kz
Президенттің айтуынша, мұндай пікірлерді елге құрметсіздікпен қарайтын адамдар айтады. Ол олардың арасында, өкінішке қарай, Парламент депутаттары да бар екенін атап өтті.
«Кейбір адамдар, өкінішке қарай олардың арасында Парламент депутаттары да бар, елімізге деген сүйіспеншілігі аз болғандықтан немесе оған менсінбей қарайтындықтан құқықтық шараларымызды “Штрафстан” немесе “Айыппұлстан” деп атайды. Мұндай адамдар өз көзқарастарының тарлығын көрсете берсін. Ал біздің халқымызға қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздік қажет. Сондықтан біз бұл бағыттан айнымаймыз және “Заң мен тәртіп” қағидатын табанды түрде жүзеге асыра береміз. Бұл – азаматтарымыздың талабы», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.