Аймақ

Террористер мен экстремистерді қаруландырғандар 12 жылға дейін сотталады

10:01, 04 қыркүйек 2025 14

Терроризм мен экстремизм қазіргі қоғам үшін аса қауіпті құбылыстардың бірі. Осындай топтарды қаруландырғандарға қандай жаза қарастырылған? Бұл туралы Түркістан облысы Дін істері басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу орталығының» бейнеролигінде айтылған, - деп хабарлайды bairaqmedia.kz

Қазақстан заңнамасында террорлық және экстремистік әрекеттерге қатысушыларды тарту, даярлау және қаруландыру қатаң жазаланады. Осы тұрғыда Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 259-бабы маңызды рөл атқарады.

Бірінші тармағы террористік немесе экстремистік әрекетті ұйымдастыру мақсатында адамдарды азғырып, даярлау немесе қаруландыру. Мұндай жағдайда мүлкі тәркіленіп, 8 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру қарастырылады. Екінші тармақ, адам өзінің қызмет бабын пайдалана отырып немесе кәмелетке толмаған адамға қатысты жасалған дәл сол іс-әрекет мүлкі тәркіленіп, 10 жылдан 15 жылға бас бостандығынан айыруға жазаланады, - делінген видеода.

Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 259-бабы терроризм мен экстремизмге қарсы күресте маңызды құқықтық құрал болып табылады. Адамдарды азғырып, даярлап, қаруландыру қоғамның тыныштығы мен мемлекеттің қауіпсіздігіне тікелей қатер төндіретін ауыр қылмыс екенін мамандар тағы бір ескертті.

Біздің Telegram арнамызға жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp-қа жазыңыз.

Тағы да оқыңыз