ҚМА Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті несиелік серіктестік басшысына қатысты ірі көлемдегі қаржыны заңсыз иемдену ісін тергеуді аяқтады, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.
Күдікті «Агробизнес» бағдарламасы аясында бақылауындағы шаруа қожалығының атынан 126,7 млн теңге жеңілдетілген несие рәсімдеп, оны ірі қара мал сатып алмаған күйі қолма-қол ақшаға айналдырған.
Бұған қоса, мал шаруашылығы ақпараттық жүйесіне жалған дерек енгізу арқылы, 2017–2021 жылдардағы ұлттық жоба шеңберінде тағы 24 млн теңге субсидияны иемденген.
Заңсыз әрекетін жасыру үшін «асыл тұқымды сиыр сатып алдық» деген жалған құжаттар тапсырған.
Қылмыстық жолмен алынған табысына жер телімдері мен сауна, сауда үйін сатып алып, оларды туысының атына рәсімдеген.
Сот санкциясымен:
-
2 жер телімі
-
Сауда үйі
-
Сауна
-
Exeed LX маркалы автокөлік
(жалпы сомасы – 198 млн теңге) тәркіленіп, тыйым салынды.
Күдікті қамауға алынды.