Қоғам

«Сағындық...»: Тұрсынбек Қабатовтың сағынышқа толы жазбасы

17:01, 10 ақпан 2026 45

Танымал әзілкеш әрі шоумен Тұрсынбек Қабатов әлеуметтік желідегі парақшасында марқұм әкесін еске алып, жүрекжарды жазба жариялады, деп хабарлайды bairaqmedia.kz.

Өнер иесінің айтуынша, бүгін әкесінің туған күні. Егер көзі тірі болғанда, 72 жасқа толар еді.

«Әкем болмысы бөлек, терең жан еді. Көп сөз айтпай-ақ, бір қас қабағымен көп нәрсені ұғындыратын. Кітаппен дос, ойы биік, сөзі салмақты адам болды. Әке – асқар тау. Жаныңыз жәннатта болсын. Сағындық…», – деп жазды ол.

Біздің Telegram арнамызға жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp-қа жазыңыз.

Тағы да оқыңыз