Аймақ

Қызылорда облысында дәретхана шұңқырына құлаған түйе құтқарылды

13:58, 14 мамыр 2025 274

Аралда аптап ыстықтан пана іздеген түйе дәретхана шұңқырына құлап кеткен, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.

Ақпаратқа сәйкес, Қызылорда облысы Арал қаласындағы жеке тұрғын үйдің ауласында аптап ыстықтан пана іздеген түйе көрші ауладағы далада тұрған дәретхананың шұңқырына құлап кеткен.

Оқиға орнына жедел түрде ТЖД қызметкерлері барған. Кранның көмегімен олар түйені абайлап шұңқырдан шығарып алды.

Қорқып қалған түйе қазір аман-есен.

Біздің Telegram арнамызға жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp-қа жазыңыз.

Тағы да оқыңыз