Танымал актриса Дариға Бадықованың экс-күйеуі күтпеген жазба жариялады, деп хабарлайды bairaqmedia.kz.
Дархан Мұсаев бұл туралы өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазба жариялаған. Ол оқырмандарына алғысын білдіріп, алдағы уақытта жақсы жаңалықтар болатынын меңзеді.
«Құрметті менің оқырмандарым, халқым сіздерге деген құрметім ерекше! Осы уақытқа дейін мені қолдап келгендеріңізге мың рахмет! Кейбіреулер мені түсінбей жататындар да бар, оны да қабылдаймын. Бұйырса жақсы жаңалықтармен сіздерді қуантамын деген үміттемін! Күтіңіздер!» – деп жазды ол.
Аталған жазбаға пікір қалдырған оқырмандар актердің жаңа бастамасына сәттілік тілеп, қолдау білдірді.