$ 469.59
 536.22
 5.96

Президент Бельгия Короліне құттықтау жеделхатын жолдады

Редактор
21.07.2026, 10:54
Фото: Ақорда
Фото: Ақорда
21 шілде – Бельгияның Ұлттық күні.

Президент Бельгияның Ұлттық күніне орай Король Филиппке құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлады Вairaqmedia.kz.

Мемлекет басшысы бұл Бельгия халқының бірлігін айшықтайтын айтулы күн екенін атап өтті.

Қасым-Жомарт Тоқаев жеделхатта Қазақстанның Бельгия Корольдігімен достық қарым-қатынасты одан әрі нығайтуға айрықша мән беретінін айтқан. 

Сондай-ақ жақында Брюссельге жасаған сапары екіжақты ынтымақтастыққа тың серпін бергеніне назар аударған.

Президент Король Филипптің барлық игі бастамасына табыс, ал достас Бельгия халқына бақ-береке тіледі.