Толқын Тұрарбекқызы әлеуметтік желіде қызына қатысты ойтолғамын бөлісті, деп хабарлады Вairaqmedia.kz.
«Кәусар дүниеге келгелі Тоқын 360 градусқа өзгерді. Қазіргі Тоқынның үлкен жолын бастап берген де – қызы. Ең біріншіден, Кәсар өмірге келгеннен бастап шағым айтпауды үйрендім. Әрине, бастапқы уақыттар қиын болды. Қабылдай алмадым. Қарсыластым. Менің ондай бала тууым мүмкін емес деген ой да болды. Баламның қандай да бір денсаулығына қатысты диагноз арқалауға өзімді лайық көрмегенім рас», – деді Толқын Тұрарбекқызы.
Толқынның айтуынша, уақыт өте бәрін қабылдаған. Осыдан соң өмірге деген көзқарасында да өзгеріс бола бастады.
«Қабылдау процесі менің білім алуыма әкеліп тіреді. Бастапқы 5 жыл бойы ем-шарасын медицинадан іздеп жүрдік. Әне-міне бір нәтижеге жетеміз деп бір иллюзия құшағында жүре бердік. Осыдан кейін өзіме сұрақ қойдым. “Медицина қауқарсыз болса, осындай баламен ары қарай қалай өмір сүремін” деген ой мазалады. Әр күн сайын ол сөйлемесе де, жүрмесе де оның өмірге қуанғаны, тамақ ішкен кезде астың дәмді екенін аңғартқаны адамның жүріп-тұруына ғана байланысты емес екенін түсінгендей болдым. Адам бақыт жолын өзі таңдайтын секілді. Сондықтан да Кәусар – өмірімдегі ең үлкен құндылық», – деді ол.