$ 469.59
 536.22
 5.96

Олжас Бектеновтің кеңесшісі елші болып тағайындалды

Редактор
22.07.2026, 09:53
Фото: ortcom.kz
Фото: ortcom.kz
Ералы Тоғжанов жаңа міндет арқалады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның Өзбекстандағы Елшісін тағайындады, деп хабарлайды  bairaqmedia.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Мемлекет басшысының Жарлығымен Ералы Тоғжанов Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болып тағайындалды», - деп жазылған Жарлықта.

Ералы Тоғжановтың өмірбаяны

Ералы Лұқпанұлы Тоғжанов 1963 жылғы 13 мамырда Батыс Қазақстан облысында дүниеге келген.

1988 жылы Қарағанды мемлекеттік университетін, ал 1994 жылы Қазақстан Республикасы Ғылым академиясының Мемлекет және құқық институтын тәмамдаған. Мамандығы – заңгер.

Еңбек жолын 1980 жылы Орал облысындағы Октябрь орман шаруашылығында жұмысшы болып бастаған.

1988–2001 жылдары Қарағанды мемлекеттік университетінде оқытушы, Қазақстан Республикасы Ғылым академиясының Мемлекет және құқық институтының директоры, факультет деканы, Қазақ мемлекеттік заң университеті филиалының директоры қызметтерін атқарған.

2001–2006 жылдары Қарағанды облысы әкімінің орынбасары болды.

2006–2008 жылдары Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Дін істері комитетінің төрағасы қызметін атқарды.

2008–2017 жылдары Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары, Президент Әкімшілігі Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі, Президент Әкімшілігі Ішкі саясат бөлімінің сектор меңгерушісі қызметтерінде болды.

2017–2019 жылдары Маңғыстау облысының әкімі болды.

2019–2020 жылдары Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының төрағасы қызметін атқарды.

2020 жылғы 11 ақпанда Премьер-Министрдің орынбасары болып тағайындалды. 2021 жылғы 18 қаңтарда Президент Жарлығымен бұл қызметке қайта тағайындалды.

2022 жылғы 11 қаңтарда Президент Жарлығымен қайтадан Премьер-Министрдің орынбасары болып тағайындалды.

2022 жылғы 31 тамыздан 2023 жылғы қыркүйекке дейін Ақтөбе облысының әкімі қызметін атқарды.

2024 жылғы мамыр айынан бастап Премьер-министр Олжас Бектеновтің кеңесшісі қызметін атқарып келеді.