Саясат

Нұрсұлтан Назарбаев Өзбекстан президентімен телефон арқылы сөйлесті

10:03, 30 желтоқсан 2025 35

29 желтоқсанда Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды bairaqmedia.kz.

Бұл туралы Өзбекстан президентінің баспасөз қызметі мәлімдеді. Әңгіме барысында тараптар бір-бірін келе жатқан Жаңа жылмен құттықтап, екі бауырлас елдің халқына бейбітшілік, тұрақтылық пен өркендеу тілектерін білдірді.

Сондай-ақ әңгімеде Өзбекстан мен Қазақстан арасындағы достық, көршілестік, стратегиялық серіктестік пен одақтастық қарым-қатынастарының жоғары деңгейде екені атап өтілген.

Сонымен қатар барлық негізгі өзара әрекеттесу бағыттары бойынша ынтымақтастықтың тұрақты даму барысы ерекше талқыланған.

Біздің Telegram арнамызға жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp-қа жазыңыз.

Тағы да оқыңыз