Шоу-бизнес әлемі

«Мен сізге келемін»: Қайрат Нұртас әженің арманын орындайтынын айтты

14:02, 15 желтоқсан 2025 25

Әлеуметтік желіде жүрекке жылы тиетін видео көпшіліктің назарын аударды. 70 жасқа толған әжейдің Қайрат Нұртасты көруді армандаған сәті елді тебірентті, деп жазады bairaqmedia.kz.

Белгілі болғандай, мерейтой иесінің қызы анасына тосынсый ретінде Қайрат Нұртасты шақырамын деп уәде берген. Алайда отбасылық жағдайларға байланысты бұл жоспар орындалмай қалған. Соның салдарынан әженің көңілі босап, көзіне жас алғаны бейнежазбада анық көрінеді.

«Маған тек Қайрат Нұртас керек. Әлі тыңдаймын оны. Өзгермейді. Қайрат жақсы бала. Кез келген әнші халықтың жүрегіне кіре алмайды. 70-тегі менің жүрегіме кіріп тұр ғой. Менің балам сияқты», – дейді ол.

Желіде кеңінен тараған бұл видеоны әншінің өзі де көрген. Жанкүйерінің шынайы ықыласы Қайрат Нұртасты бейжай қалдырмай, ол көпшілік алдында уәдесін білдірді.

«Апа, мен сізге міндетті түрде келемін», – деп жазды өнер иесі.

Біздің Telegram арнамызға жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp-қа жазыңыз.

Тағы да оқыңыз