$ 465.74
 531.08
 5.92

Мемлекет басшысы Мысыр Президентін құттықтады

Редактор
23.07.2026, 12:59
Фото: Ақорда
Фото: Ақорда
 23 шілде – Мысыр халқының Революция күні.

Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Әбдел Фаттах Ас-Сиси мен оның отандастарын Мысыр Араб Республикасының ұлттық мейрамы – Революция күнімен құттықтады, деп хабарлады Bairaqmedia.kz.

Президент жеделхатта берік достық пен өзара түсіністікке негізделген қарым-қатынас қос халықтың игілігі жолында ұдайы дами беретініне сенім білдірген.

Қасым-Жомарт Тоқаев Әбдел Фаттах Ас-Сисидің жауапты қызметіне толайым табыс, ал Мысыр халқына құт-береке тіледі.