$ 456.56
 530.52
 5.28

«Күтпеген сыйлық болды»: қырғыз қызы Айзадаға қазақтар көлік мінгізді

Редактор
07.09.2026, 14:18
коллаж: bairaqmedia.kz
коллаж: bairaqmedia.kz
Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасында жазды

Қырғызстанда өткен Дүниежүзілік көшпенділер ойындары кезінде Қазақстанға қолдау білдірген қырғыз қызы Айзада Жамгырчиеваға көлік сыйға тартылды, деп хабарлады Вairaqmedia.kz.

Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

Айзаданың айтуынша, Көшпенділер ойындары кезінде трибунадағы қазақ және қырғыз жанкүйерлерінің эмоциясы мен қолдауы ерекше атмосфера қалыптастырған. Ал Қазақстан Көкпар федерациясының президенті Айдарбек Қожаназаровтың оған темір тұлпар сыйлауы күтпеген жағдай болған.

«Шынымды айтсам, мұндай сыйлықты күтпедім. Бұл мен үшін жай ғана сыйлық емес. Бұл – менің Қазақстанға деген қолдауымды байқап, бағалап, үлкен құрмет көрсеткеннің белгісі болды», – деп жазды Айзада Жамгырчиева.

Ол Айдарбек Қожаназаров пен Қазақстан Көкпар федерациясына алғыс айтып, бұл жағдай қазақ пен қырғыз арасындағы бауырластықтың тағы бір көрінісі екенін атап өтті.

«Мұндай сәттер қырғыз бен қазақ арасындағы туыстықтың жай ғана сөз емес екенін тағы бір рет көрсетеді. Екі елдің достығы берік болсын! Қырғыз бен қазақ әрдайым бір туған», – деді ол.