$ 467.65
 533.26
 5.96

Қазақстанда мұнай өндіру көлемі күрт төмендеді

Редактор
24.07.2026, 09:30
Фото: mcc.kz
Фото: mcc.kz
 «Теңіз» кен орнында өндіріс екі еседен астам төмендеген.

Қазақстанда Каспий құбыр консорциумы (КҚК) терминалына мұнай жеткізудің тоқтатылуына байланысты мұнай өндіру көлемі азайды, деп хабарлады Вairaqmedia.kz

Reuters мәліметінше, ең ірі «Теңіз» кен орнында өндіріс екі еседен астам төмендеп, тәулігіне шамамен 406 мың баррельді құрады.

Елдегі мұнай және газ конденсатын өндіру көлемі тәулігіне 1,63 млн баррельге дейін қысқарды. Бұған Қара теңіздегі мұнай танкерлеріне жасалған дрон шабуылдарынан кейін КҚК арқылы экспорттың уақытша тоқтауы себеп болды.

Қазақстан мұнай экспортының 80 пайыздан астамы КҚК бағыты арқылы жүзеге асырылады. Мұнай бағасы да өсіп, Brent маркасы барреліне 100 доллардан асты.