Қазақстан құрамасы Қырғызстанда өткен VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын жоғары нәтижемен аяқтады. Ұлттық құрама қоржынына жалпы 74 медаль түсті, деп хабарлады Вairaqmedia.kz.
31 тамыз бен 6 қыркүйек аралығында өткен додаға әлемнің 113 елінен 3 мыңға жуық спортшы қатысты.
Жарыс қорытындысы бойынша қазақстандық спортшылар 32 алтын, 20 күміс және 22 қола медаль иеленді. Қазақстан алтын медаль саны бойынша Қырғызстан мен Ресейді басып озды.
Ел спортшылары аударыспақ, жамбы ату, қазақ күресі, алыш, армрестлинг, арқан тартыс, тоғызқұмалақ, мангала, дәстүрлі садақ ату, ат жарысы және өзге де ұлттық спорт түрлерінен жүлдеге қол жеткізді.
Атап айтқанда, ат жарысында қазақстандық спортшылар жеңімпаз атанып, ел қоржынына тағы бір алтын жүлде салды.
VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындары ұлттық спорт түрлерін халықаралық деңгейде дәріптейтін ең ірі додалардың бірі саналады.