$ 456.56
 530.52
 5.28

«Қате кеткен»: Қырғызстан президентінің баспасөз хатшысы мәлімдеме жасады

Редактор
07.09.2026, 16:29
ФБ
ФБ
Қырғызстан президентінің баспасөз хатшысы Көшпенділер ойындарындағы медаль дауына қатысты пікір білдірді

Қырғызстан президентінің баспасөз хатшысы Асқат Алагөзов VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының қорытындысына қатысты пікір білдіріп, жалпыкомандалық есепте Қазақстанның бірінші орын алғанын мәлімдеді, деп хабарлады Вairaqmedia.kz.

Оның айтуынша, Көшпенділер ойындары жоғары деңгейде өтіп, үлкен спорт мерекесі ретінде аяқталған. Әсіресе көк бөрі мен жер улак сайыстарында Қазақстан мен Қырғызстан құрамалары тартысты ойын көрсеткен.

Алагөзов спорттық бәсеке тек жарыс алаңында қалғанын, қазақ және қырғыз жанкүйерлері арасында да ешқандай келіспеушілік болмағанын атап өтті.

Ал жалпыкомандалық есепке қатысты техникалық мәселе медальдарды санау кезінде туындаған. Бүгін ұйымдастыру комитеті Қазақстанның үш спортшысының медалін жеке-жеке есепке алу туралы шешім қабылдаған.

«Осылайша, жалпыкомандалық есепте бірінші орынды Қазақстан иеленді. Қазақ бауырларды жеңісімен құттықтаймыз!» – деп жазды Асқат Алагөзов.

Ол қырғызстандық спортшылардың да жарыста жоғары шеберлік көрсеткенін атап өтті.

«Медальдық есеп – спорттың бір ғана бөлігі. Бұл ойындардың басты жеңісі – жарысты өзара құрмет пен адал бәсекелестік рухында өткізіп, бауырлас халықтардың бірлігі мен ынтымағын тағы бір мәрте көрсете алғанымыз», – деді Қырғызстан президентінің баспасөз хатшысы.

Соңғы жаңалықтар

Барлығын қарау