$ 469.83
 536.83
 5.97

Қайғылы жағдай: Павлодарда кәріз құдығына түскен алты жұмысшы көз жұмды

Редактор
20.07.2026, 15:29
Фото: istockphoto
Фото: istockphoto
Тағы бір 1988 жылы туған ер адам Ақтоғай аудандық ауруханасына жеткізілді.

Павлодар облысында кәріз құдығындағы газдан уланып қалған алты жұмысшы көз жұмды, деп хабарлайды bairaqmedia.kz.

Қайғылы оқиға бүгін Ақтоғай ауданындағы Жоламан ауылында болды. Жедел жәрдемге шақырту сағат 12:01-де түскен.

"Оқиға орнында 1963, 1975, 1983, 1998, 2006 және 2009 жылы туған алты ер адамның көз жұмғанын медицина қызметкерлері анықтады. Тағы бір 1988 жылы туған ер адам Ақтоғай аудандық ауруханасына жеткізілді", – деді дәрігерлер.

Дәрігерлердің мәліметінше, аман қалған 38 жастағы ер адамға қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр.